ҚОЖАНӘСІР ТІРІ ЕКЕН
/драма/

Авторы: Т. Нұрмағамбетов
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: 7+
Премьерасы: 2009 жыл, 10 желтоқсан

Қоюшы режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
О. Кенебаев

Қоюшы суретші: М. Сапаров
Композитор: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
А. Райымқұлова

Балетмейстер: Г. Мұхамеджанова
Режиссердің ассистенті: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Б. Тұрыс

Режиссердің көмекшісі: А. Қабдешова
«Қожанәсір тірі екен» спектаклінің арқауы бүгінгі күн. Арамызда жүрген Қожанәсірді сатып пайда таппақ, сенсация жасамақ болған коммерсанттар... Ортақ бабалары Қожанәсірді өз еліне алып кету үшін келген түркі халықтары өкілдерінің өзара дау-дамайы, пікірталасы... Қожанәсір түскен ситуациялар – пьеса мен спектакль алға тартатын түп идеяны ашуға бастайды: тарих көшіне ілесе алмай, тілін, дінін жоғалтқан, ділінен айырылған халықтар жер бетінде аз емес. ХХІ ғасыр – жаһандану ғасырына түркі халықтары қалай жетті, болмысы қалай өзгерді? Бұл жолда ол нені тапты, неден ұтылды және бүгінгі түркі әлемінің бет-бейнесі қандай?

Қойылым оқиғалары күлкі тудыра отырып халқымыздың, жалпы түркі әлемінің бүгінгі ахуалын зерделей білуге, болашағы туралы ойлануға шақырады.

РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
I коммерсант
Ермек Бектасов
І коммерсант
Нұрғиса Қуанышбайұлы
II коммерсант
Ғалымбек Оспанов
Амина
Зәуре Көпжасарова

«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Күнсұлу Шаяхметова

Зүлейха
Айзада Сатыбалдиева

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ләззат Қалдыбекова

«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Фарзана
Зарина Карменова

«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Ажарлым Бақытжанова

Өзбек
Бауыржан Манжігітов

Ғалымбек Оспанов

Қырғыз
Елжан Тұрыс
Түркмен
Мерей Мұхтарұлы

Мейрамбек Тағанов

Түрік
Оппозиция өкілі
Гүлшат Тұтова

Меруерт Омарбекова