ҰЛЫ МЕН ҰРЫ
/драма/

Авторы:
Қазақстанның мемлекеттік
сыйлығының иегері Т. Әбдіков
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: 7 +
Премьерасы: 2013 жыл, 28 ақпан
Қоюшы режиссері: Қазақстанның халық артисі, профессор
Е. Обаев
Режиссері: Е. Нұрсұлтан
Қоюшы суретшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
Е. Тұяқов

Композиторы: Ә. Мәмбетов
Режиссер көмекшісі: А. Қабдешова
Спектакль оқиғасы қарт ғалымның үйіне ұры түсуден басталады. Үй иесі полиция шақырудың орнына ұры жігітті аяп, екеуара әңгіме мүлдем басқа қалып алады. Таң қалған ұрыға: «...Ұрлық тек үй тонаудан тұра ма екен?!» деп жауап береді тележурналистерді күтіп отырған ардагер қарт. Сұхбат алуға келген тележурналистің жеңіл-желпі, «әйтеуір жазып алсам болды, әйтеуір нанымды жеп жүрсем болды» дегендей сырғыма сұрақтары, ардагердің «жынына тиеді». Осы тұста үйге ардагердің журналист ұлы келеді де, телесұхбат әке мен бала арасында ар шындығы, қоғам шындығы туралы ащы пікірталаc айтысқа ұласып, бірте-бірте ақиқат шеті көріне бастайды.
Кешеден бүгінге жалғасқан көкейкесті, күрделі небір сауалдар алдан шығады. Жап-жас жігіт неге ұрлық жасап жүр? Бүгінгі қоғамда әртүрлі деңгейдегі ұры неге көбейді? Қоғамның құнары неге кеміп барады? Мұның түп-тамыры неде?..


РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Ардагер
Бауыржан Қаптағай
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ұлы
Азамат Сатыбалды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жасұлан Байсалбеков
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері
Шәкірт
Жанат Тыныбаев
Қуаныш Бейсеғалиев
Жарқынбек
Төлеубек Аралбай
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Омар Қыйқымов
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ұры
Алмас Шаяхметов
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Дәуір Анарбай
Журналист
Еркебұлан Дайыров
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ғалымбек Оспанов
Матақов
Жалғас Толғанбай
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қыз
Зарина Карменова
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері
Журналист қыз
Айзада Сатыбалдиева
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Зарина Карменова
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері
Оператор
Жұмағали Маханов
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері