Әкемтеатр жаңа маусымның ашылуына шақырады!

2024 жылдың 16 қыркүйек күні Almaty Theatre театрында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-театр маусымының ашылу салтанаты өтеді, шара аясында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» қойылымы сахналанады. 1926 жылы 13 қаңтарда өз шымылдығын ресми түрде Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашқан, өз тарихында үлкен белестерден өтіп, ұлттық өнердің символына айналған Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрына 2026 жылы ғасыр толады.

https://abai.kz/post/186794