Комедия

М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Республикалық «КОМЕДИЯ» байқауына пьесалар қабылдайды

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:


- қазақстандық авторларды қолдау;
- театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру;
- жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру.

2. Байқауды өткізу мерзімі:


- пьесалар 2021 жылдың 1 қарашасынан 2022 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады;
- байқау нәтижесі 2021 жылдың 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай жарияланады.


3. Байқаудың өткізілу тәртібі:


Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- заманауи комедия;
- инсценировка (комедия жанрында).
- байқауға республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады;
- байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, бұрын қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа 2-3 кейіпкерлік комедиялық драмалар, инсценировкалар (автор туралы мәліметтермен және автор суретімен қоса) жолдануы шарт;
- авторлар бірнеше номинацияға қатыса алады, номинацияда көрсетілген әрбір жанрға бір шығарма ғана ұсынылады;
- байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 30 беттен аспауы тиіс (шрифт Times NewRoman-14);
- комедиялық драма, инсценировка teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына КОМЕДИЯ БАЙҚАУЫНА деген тақырыппен жолдануы шарт;
- байқауға түскен шығармаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды.

4. Байқау қорытындылары бойынша:


- үздік деп танылған комедия жанрында жазылған бір пьеса және бір инсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады;
- сонымен қатар сәтті деп танылған кей пьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.
Ескерту: Театрдың пьесаны сахналау (түсірім жасау) барысында редакциялау, өзгеріске ұшырату (автор келісімімен) құқығы бар.
Анықтама үшін: Ә.Қ. Бөпежанова, эл.мекен-жайы: bopezhanova@list.ru