Мәлімдеме халықтың көңіліне сенім ұялатты...

Қазіргі таңда бүкіл әлем халқы, оның ішінде біздің ел де үл­кен сынақ кезеңін бас­тан ке­шуде. Бұл сынақты тек бір­ліктің, тек саналы жауап­кер­шіліктің, тек сабыр мен төзім­нің арқасында ғана жеңе аламыз.

Елбасымыз Н.Назарбаев пен Президент Қ.Тоқаев бастаған мемлекеттік билік осы күрделі ке­зеңде тас түйін жиналып, сындарлы стратегиялық саясат жүргізіп отыр. Қалыптасқан ахуалға қарай жедел шаралар қабылдануда. Осының нақты дәлелі – еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағ­дарысқа қарсы іс-шараларына бай­ланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналардан жасаған мәлім­демесі. Онда жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көр­сету жөнінде қабылданған ке­шенді шаралар жан-жақты және нақты айтылды. «Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атау­лы әлеуметтік көмек мөл­шерін жылдық өлшеммен алғанда 10 пайызға индексациялау, табы­сы­нан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсетілетін азаматтардың санатын кеңейту, 42 500 теңге көлеміндегі бұл қаражатты бұрын тұ­­рақ­ты жұмыс істеп, жалақы ал­­ған­­­дарға ғана емес, сондай-ақ өзін-өзі жұ­мыс­пен қамтыған және рес­ми тір­келмей еңбек ете­тін азамат­та­ры­мызға да беру тағы басқалары Со­нымен қатар еліміздің экономи­касын тұрақтандыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұр­ғысынан көктемгі егіс науқанын уақытылы өткізуге байланысты іс-шаралар, жұмыссыз қалған азаматтарды, әсіресе жастар үшін «Жұмыспен қамту жол кар­тасы» аясында өңірлерде нақты жобаларды жүзеге асыруды дереу қол­ға алу, шағын және орта биз­нес­ті қолдауға арналған кешенді ша­раның барлығы да қиын­дық­ты ең­серуге бағытталып отыр.

«Біз, мемлекет және қоғам бо­лып барша азаматтарымызға қол­дау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз», – деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев. Мәлімдеме халықтың көңіліне үлкен сенім ұялатты. Ендігі кезекте жер-жердегі билік өзінің адалдығын, іскерлігін, тұлғалық деңгейін танытуы тиіс.

«Дәл осы кезде халық мемле­кет­ке қолдау көрсетуі керек. Бұл – аса­ маңызды», – деді Президент. Бұл да аса маңызды сөз. Қазіргі кезде біздердің, қоғамның әрбір мүшесінің, әрқайсымыздың жауап­кершілігіміз мың есе арта түсуі тиіс. Елдің елдігі осындай қиын кезеңдерде танылады. Мұны қария тарих талай рет дәлелдеген. Ендеше осындай қиын кезеңде бәріміз, әрқайсымыз саналы қа­рекет, асқан жауапкершілік та­нытайық, мемлекет тарапынан жа­салып жатқан жан-жақты шара­лардың табысты жүзеге асуына өз үлесімізді қосайық.

Президент «бүгінгі күннің ба­тырлары» деп өте орынды атаған дәрігерлер қауымы, күрделі ахуал­ға байланысты күн-түн демей жұ­мыс істеп жүрген азаматтардың бар­лығына бүкіл халықтың риза­шылығы шексіз. Оларға аса жауап­ты жұмыстарында үлкен табыстар, жақсылықтар тілейік.

Қадірлі отандастар!

«Күш – бірлікте» дейді халық. Ендеше осы күрделі кезеңде бәріміз бірлікте болып, билік пен қоғам, халық бірге болып, қиындықпен бірге күресейік. Рухымыз түспесін! Қашанда амандықта, жақсылықта болайық.

КСРО және Қазақстанның халық артисі,

Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов