Томирис мәңгі тірі

Томирис мәңгі тірі

 

Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры халқымыздың ежелгі тарихына еркін үңіліп, ірі тарихи тұлғалардың өмірімен байланысты эпикалық шығармаларды сахналау дәстүрін жалғастырып келеді. Солардың бірі – театрдың биылғы маусымының соңғы қойылымы – драматург Шахимарденнің «Томирисі». Қатарынан бес мәрте аншлагпен өтіп, көрермен қауымның ықыласын бірден аударып алған қойылымның көркемдік құдіреті неде деген сауал өзінен өзі туындайды.

 

Егемендік пен бостандық қазақтың ежелгі асыл арманы болғаны белгілі. Туған жер мен елдің тұтастығы, халқының еркіндігі кімнің болса да патриоттық сезімін оятып, ұлттық намысын жанитын құдіретті күш. Сақтың ұлы падишасы Томиристің тұлғасын сахнаға шығару сол патриоттық сезім мен театрдың суреткерлік ұстанымын айқындай түскен. Елі мен жерін жаттан қорғаған сақтар аттан түспей, жорық үстінде күн кешкен. Бүгінгі көрермен қауым мұның астарын терең барлап қабылдап отыр.

Осы бір көркемдік ойды жүзеге асыруда шығармашылық ұжым қойылымның режиссері Тұңғышбай Әл-Тарази ұзақ дайындалып, кеңінен толғаныпты. Қойылым суретшілері Құрбан Ақбаев,  Ерік Әдісбекпен ортақ тіл тауыпты. Сахна трагедияның тұтас әрекет алаңына айналып, шексіз сақ даласының көрінісі бейнелі де әсерлі эпикалық шешім тауыпты. Алыстан мұнартып көрінетін жота-адырлар, шаң мен қанға бөккен жусанды дала, мұнарада садақ тартқан сақшы жасауылдар, сахнаға асығып-аптығып, жүгіріп кіріп, жүгіріп шығатын  мұздай қарулы, түстері суық сақ көсемдері – бәрі-бәрі де алапат айқастын трагедиялық атмосферасын ашуға орынды ойластырылған бейнелеу тәсілдері.

Қойылымды жасаушылар бейнелеу өнері тарихындағы қырғын соғыстарды кескіндейтін әйгілі понорамалармен  кеңесшісі Мордтың қоқан-лоққы сөзінен өзгеріп сала береді. Томирис – Д.Жүсіптің түсі суып, сөзі өктем, ел-жұртының амандығын, жерінің тұтастығын ойлағанда махаббат та, бәрі де жайына қалып, жорыққа дайындалады. Патшайымның шынайы махаббат, асыл сезімін өз елінің бостандығы жолындағы күреске құрбан етуі – актриса ойынының түп қазығы. Жинақтап айтқанда Томирис актрисаның шығармалық жеңісі. Десек те, Д.Жүсіптің әлі де ізденетін, рольді ширата түсетін тұстары бар. Олардың бастысы – кейіпкерінің айтар сөзін толық меңгеру, сахнадағы қимыл-қаракеттің сөзден туындайтынына ерекше көңіл аудару мәселесі. Демек, орындаушының ендігі ізденістері монолог, диалогтардың ырғақ-үнін табу, көркем текстің астарын ашу бағытында болса игі. Оқиғаның даму барысында кейіпкердің бір күйден екінші күйге қисынды да табиғи ауысуын қарастырудың да артықтығы жоқ. Бұл, әрине, жалғыз Дәрияға емес, басқаларға да қатысты. Сахналық сөздің жүдеу шығуы – театрдың бүгінгі ойланатын мәселесі.

Томиристің қорғанышы һәм ақылшысы әрі оның қоршаған ортаны тануда Елес бейнесінің өзіндік орны бар. Бұл бейнеден патшайымның өміріне байланысты өтетін құбылыстарды алдын ала болжайтын сәуегей де, ел тыныштығын ойлаған данагөй де ана болмысынан аңғарылады.

Спектакльдегі қым-қиғаш оқиғалар мен шым-шытырық тартыстың ширатылып дамуы парсылардың патшасы Кирдің әрекетіне тікелей байланысты. Әлемді тітіркенткен Кир «патшалардың патшасы» деп дәріптеледі. Соған қарағанда оның басқалардан аса бір ерекшелігі болуы шарт. Мұндай сипат қойылымда айқын көрінбейді. Бұл рольдегі Саят Мерекеұлының актерлік шеберлігіне шәк келтірмейміз. Ол патшаның психологиялық толғаныстарын ашуға барған. Қолындағы қылышын жалаңдатып, Сарайда жаралы арыстандай өзімен өзі арпалысып жүрген кейіпкерден қарсыласын жоймай тынбайтын билік иесінің мінез штрихтарын көруге болады. Дегенмен, патша бейнесінің тиісті көркемдік деңгейге жете қоймағаны көрініп тұр. Актер мен режиссер Кирдің болмыс-пішініне, пластикалық қимыл-қозғалысына басқа бір тұрғыдан келіп, оны ірілендірудің жолын қарастырса – қойылымның ұтатыны ақиқат. Томиристің аузымен айтылатын қысқа монологта «...жігіттің көркемі Кир патшадай-ақ болсын. Көңіліме ұялап қалғаны соншалық, жүрегім күн қарыған көк мұздай елжіреп барады» деуінен атақты патшайым тамсанып, құлап түсетіндей көрікті де алғыр, жастықтың оты жалындаған Кирдің сұлу тұлғасына біз де тамсансақ ғанибет болар еді.

Бұған қарағанда Кирдің кеңесшісі Мард, әсіресе, Болат Әбділмәновтың орындауында әлдеқайда терең де, алғыр, көрер көзге көрікті, өрісті шыққан. Актердің кейбір қимыл-қозғалысы, өткір де ойлы жанары, сөзді үстемелеп, екпіндетіп айқын айтуы – бәрі де патшасына әбден берілген әккі кескіндейтін әйгілі панорамалармен ой жалғастырып, ұрыс көріністерін екінші планда реалистік үлгіде қарастырудан көп ұтқан. Және жұмсақ материалмен көркемдеп, оған оңтайлы жарық түсірумен қойылымның сырт-үлгі пішінін де трагедия мазмұнына үйлесімді келтіруге ұмтылыпты.

Спектакльдің орталық кейіпкері Томирис өзінің патшайымға лайық болмыс-бітімімен, өзіндік қайшылықтарымен бейнелеу тауыпты. Бұл рольдегі жас актриса Дәрия Жүсіп кейіпкерді жан-жақты суреттеуді көздепті. Алғашқы көрініс – жар құшып, бала сүйген ананың ұлы Спаргиспен сахнасында алапат сезім, көңіл-күй арпалысы сезіледі. Жалғызына деген елжіреген ықыласын елдің тыңыштығы мен тайпалар, яғни ағайын арасындағы татулыққа құрбан  еткен патшайымның психологиялық  толғанысын актриса өзінше жеткізген. Ал соғыстан қашып шыққан баласының қару-жарағын сыпырып алып, өлім жазасына кесетін көріністе Томирис – Д.Жүсіп көсемдер қалпында өзін байсалды ұстап, баласынан түңілуін сездірмеуге тырысады. Ұлдыедімге байлаған патшайымның өзімен өзі іштей арпалысып келіп, бір сәт бойын тіктеп, оқыс бұрылып кетуі – кейіпкер толқынысынан туған бейнелі қимыл-әрекет.  Сосын ашу-ызасын басып, Спаргиске – «Жоғал! Тегінді тап!» деп, қысқа қайырылған сөз патшайымның аузынан атылған оқтай естіліп, оның бойынан аналық сезімді мүлде сызып тастау қандай ауыр қасірет. Томирис басынан кешкен махаббат қасіреті де Д.Жүсіп ойынында шынайы ашылған. Кир патшамен өтетін сахнада ол патшайымның ақыл-парасаттылығымен, асқан ажарымен, әйелдік нәзік-махаббатымен де ерекше жаралған жан дүниесін нанымды суреттеген. Әубаста өзін тәкаппар ұстаған патшайым жан алу бәсінде патшаның басын шыр айналдырып, алақанына қондырып алғандай қуанышы мен сезім иірімдерін еркін де сұлу қимыл-қозғалыстарымен, отты жанарымен махаббат ләззатына бөленген арудың көзтартар қылықтарымен тереңдете түскен. Өзін де, Кирді де ғашықтық дертімен уландырған патшайымның патшалардың патшасының сарайына ұмтылуы, жолына кедергі болған қорғанышы. Елесті шапалақтауы, сосын сахнаның төрінен төмен қарай домалауы махаббатың құдіретін танытқандай әсерлі. Осылай махаббат қызығына түскен патшайым Кирдің сәлемін әкелген тыныштығын ойлаған данагөй де, ана болмысы да аңғарылады. Елесте Т.Тасыбекова мен Ғ.Әбдінәбиева кезектесіп ойнап, өздерінің актерлік ерекшеліктеріне қарай әрқайсысы біріне бірі ұқсамайтын бейне жасапты. Олардың суреттеуінде ол жай ғана сиқыршы, жәдігөй емес, патшайымның сырлас та сенімді мұңдасы ретінде қарастырылуы екі орындаушыға да ортақ. Ескертпе – сөз жүйесіне мән-мағынасы мен астарына көңіл бөлу қажет-ақ.

Өз тайпасының жерін қорғап, билікке таласатын тағы бір перизат сарматтардың патшайымы Амага спектакльде Томириске қарама-қарсы бақталас, күндес ретінде алынған кейіпкер. Актриса Данагүл Темірсұлтанованың кейіпкеріне ширақ қимыл-қозғалыс, тәкаппар да өктем сөз, талай қанды шайқастарда батылдығымен танылған жаугершілік сипат беруі – шығарма табиғатынан туындаған.

Осыдан он алты жыл бұрын Спаргис патша қызының кәмелетке толған тойындағы сайыста бәрін жеңген Балқаштан сәскеден күн ұясынан батқанша айқастан жеңіліс тапқан Томирис ақырында оған жар болып қосылыпты. Қойылымнан Патшайым мен Балқаштың қарым-қатынасы туралы біздің аңғарғанымыз осы. Оның Томиристен кетіп, Кирге қызмет етуі, оннан қайтып оралуы, соғысуы – драмматургиялық тұрғыдан ақталмаған. Кейіпкердің қимыл-әрекеттері оқиға мен тартыстың дамуынан, яғни жүйелі де қисынды туындамай, ән тордың «жетелеуімен» өтеді. Бұл рольді орындаушылар...әсіресе, актер Оразхан Кенебаев кейіпкер бейнесін өзінше қарастырып, іргелі ізденіске барыпты. Оның ойыны келелі ойға, толғамды толғанысқа құрылыпты. Баласы Спаргистің соғыс даласынан қашып кетуі әке үшін қаншама ауыр болса да актер Балқашты сабыр-салмақтылықтан айырмайды. Өзін әлемге қиған баласын құшақтап, еңсесі түсіп кеткен әке есін тез жинап, оны жерлеудің жолын сарбаздарға түсіндіру сәт – шынайы психологиялық толғанысқа құрылған. Балқаш – Кенебаевтың соңғы сахнада өзі өлтірген Кирдің денесін сүйретіп келіп құлауы ел алдындағы азаматтық борышын сардарлық міндетін мүлтіксіз орындауындай танылады.

Спаргис - Дулыға Ақмолданың суреттеуінде өмірге құштар, бар болмысы мен мақсатына жетуге асыққан жан. Оның өз кінәсін түсініп, жалындаған жастықтарына кір түсірмей өзін ерлерше ажалға байлауын актер шынайы ашқан кеңесшінің психологиясына сай келіп.

Байлығына мақсатының, Томиристен өзінше дәмелі массақ көсемі Ардаширдің әрекеті сол бастаған жерінде, яғни қойылымның басында дамымай қалып қойды. Драматургиялық жүгі мардымсыз, сахналық мақсаты айқындалмаған осы рольді ойнаған актерден бірдеңе талап етудің өзі қисынсыз.

Спектакльдің табысты өтуінде тың да аса қажет тақырыпқа барған (прозада Ә.Әлімжанов пен Б.Жандарбеков жазғаны белгілі) драматургпен бірге, пьесаның қазақшалаған Калихан Ысқақтың еңбегі мол. Пьеса тілі көркем де жатық әрі жанр заңдылығына толық жауап береді. Бір ескеретіні мұңдағы кейіпкерлердің жынысына қарамай «ұрғашы» деген сөзді онды-солды орынсыз қолданып, тіпті, ана мен баланың арасына түсіп кетуі қиынсыз-ақ.

Тарихи қойылымдарда көпшілік сахналардың көркемдік шешімі жинақтылық пен нақтылықты талап ететіні белгілі. Спектакльде сол принцип сақталған. Режиссер оқиғаға тікелей араласпайтын кейіпкерлерді екінші планға орналастырып, авансценадағы әрекет аяқтағандар сахнаның төріне қарай бет алып, солармен араласып кетуі – өтіп жатқан оқиғаға эпикалық ауқым, көркемдік тұтастық, шексіз кеністік берген және сәтімен берілген жарық композитор Әділ Бестібаевтың шығарманың мазмұнына сай жазылған музыкасы бұл мақсаттың орындалуына мол септігін тигізіпті.

Қойылымның оптимистік рухта аяқталуы – шығарманың көркем-идеялық қуатын тереңдете түскен. Қасиетті жусанды даланың қанымен қорғаған ерлердің күйеуі мен баласын жерлеуге аттандырып жатқанда Елестің бәрінен айырылып, қарақан басы қалған Томириске – «Өзіне не қалды?»деген отты сұрағына оның сабырмен – «Сақ деген ел қалған жоқ па?! Сақтың сары даласы қалған жоқ па?!» сөзі – түбі бір түркілердің азаттық ұраны іспеттес. Онан әрі патшайымның «Өлді деп ешкім айтпасын...Өлгенімізді ешкім білмесін...Сақ біткен бізді тірі деп түсінсін...Біз сары далаға әлі сан рет ораламыз» деп сахнаның төріне қарай жайымен жылжығанда соғыс даласының сай-салаларынан сақтардың бірінен соң бірі тіріліп патшайымды қарсы алуында терең символдық мән-мағына бар.

Біз мақаламызда спектакльдің жақсы жақтарымен бірге олқылықтарын да ашып айтуға ұмтылдық... Қойылым, тұтас алғанда, сөз жоқ, театрдың ізденісі.

Қазақ әдебиеті газеті, 2000 жыл