М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Еврипидтің "Медея" трагедиясы сахналанбақшы. Қойылым "Театр көктемі - 2016" фестивалінде өзіндік жұмыс ретінде көрермен назарына ұсынылған болатын. Спектакльдің премьерасы маусым айының 7, 22 жұлдызында. Қоюшы-режиссері - А.Қабдешова.
«Медея» - әлем театрларында өте көп және әртүрлі интерпретациямен сахналанған трагедия. Негізінен бос кеңістікте ойналатын бұл қойылымда төрт кейіпкер ғана бар – Медея, Ясон, Креонт және Хабаршы. Билік үшін ештеңеден тартынбайтын Ясон мен махаббаты көзсіз кекке айналған Медея. Мұның ақыры ештеңемен де ақтауға келмейтін зұлымдық...
Рольдер мен орындаушылар
Медея – Д.Жүсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ясон – Қ.Нәбиолла
Креонт – Б.Қаптағай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Хабаршы – Ә.Сайлауова
Баспасөз қызметі.