Жұлдыз Ибраева

Ближашее выступление:

К сожалению выступления не найдены

Жұлдыз Ибраева актриса

1992 жылы 2 ақпанда Ақмола облысы, Астана қаласында дүниеге келген.

2008 жылы жалпы орта білім беретін мектепті бітіріп, «Ақмола Қаржы экономикалық» колледжінің «Қаржы есебі» мамандығын 2011 жылы бітірді.

Сол 2011жылы Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Драма және Кино әртісі» мамандығына түсіп, 2015 жылы аяқтады.

         2015 жылы Қ.Қуаныбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрына жұмысқа қабылданды.

Ойнаған рольдері: Е.Жуасбек «Үйленудегі» Зерек рөлі, «Қызыл алма» қойылымында Руманна, А.Чеховтың «Вишневый садында» Алма рөлі, М.Әуезовтің «Қорғансыздың күнінде» Ғазизаны, У.Шекспирдің «Отелласында» Эмилияны, Р.Мұқанованың «Сарра» спекталінде Ажарды, «Мұқағали» спектаклінде Музаны және тағы басқа рольдерді сомдады.

         2018 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері: Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» қойылымында Зарипа рөлін сомдайды.