Талпакова Кулшат Умирзаковна

1971 жылы 2 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген

1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға қабылданып, 1995 жылы «Филология» факультетін тәмамдаған.

1996 жылдан ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет» комитетінде жетекші маман қызметін атқарып, 1999 жылы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік музейінде ғылыми қызметкер болып еңбек етті.

2001 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына қабылданып, осы күнге дейін «Ғимаратқа қызмет көрсету және пайдалану» цехының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Ғимараттың барлық шаруашылық, құрылыстық жұмыстарын атқара жүріп, 2001-2006 жылдар аралығында Алматы гуманитарлы-техникалық университетінің сырттай бөлімін тәмамдаған.

Театрдағы еңбегі үшін театр әкімшілігінен алғыс хаттар мен марапаттауларға ие болған.

ҚР Мәдениет қайраткері төс белгісінің иегері.