ТАҢСҰЛУ
/драма/

Авторы: Ғ. Есім
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Жас санаты: 7+
Премьерасы: 2014 жыл, 30 қаңтар
Қоюшы режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
А. Кәкішева
Қоюшы суретші: Қ. Халықов
Музыкамен көркемдеуші: Ә. Омарова
Биін қойған: Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері
Ш. Сапарғалиқызы

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе». Қыз өсіруге ерекше мән берген қазақ үшін осы ұғым – қағида. Толықсып бойжетіп, өз теңіне ұзатылғалы отырған, атына заты сай Таңсұлудың тағдыры – ғасырлар бойғы қазақ қыздарының еншісі. Тұтқынға түскен ару көз құрты болған сұлулығын өз еркімен тәрк етеді. Ұрпағын аман сақтап, махаббатына да қылаң түсірмейді. Қанша қиын күн туса да мойымай, ұлына бабалар рухын жырлайды.
…Өзінің мұндай талайлы тағдырын он жасында түсінде көрген Таңсұлу – Ұлы Даланың жазылмаған заңы – тектілік пен намыстың символы десе болады.


РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Таңсұлу
Салтанат Бақаева
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Ажарлым Бақытжанова
Жеңгесі
Баян Қажынәбиева
Жастар одағы сыйлығының иегері

Гүлнұр Шыңғысова
Жойқын
Алмас Шаяхметов
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Қайрат Нәбиолла

Ақберген Жұмабаев
Қалмақ бегі
Жасұлан Байсалбеков
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Ғалымбек Оспанов
Сағила
Зарина Қарменова
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері
Жойқынның әйелі
Қалмақ шалы
Жалғас Толғанбай
Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері

Жасұлан Байсалбеков
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері
Балгер кемпір
Гүлнар Жақыпова
Қазақстанның халық артисі
Балгер
Дулыға Ақмолда
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері