БАҚ біз туралы

Алматыда Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына орай көрме ашылды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған "Қазақ сахнасының ірі тұлғасы" атты көрме ашылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрменің ашылуына Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д. Абзалиденұлы, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры директорының орынбасары Ж.Толғанбай, театр директорының кеңесшісі, режиссер Е. Обаев, режиссер Ә. Рахимов, театр музейінің жетекшісі Н.Тамабекқызы және С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының директоры Д. Сәкенұлы қатысты. 

Жиын барысында актердың қызы Мәриям Қожамқұлова көрмені ұйымдастырушыларға өзінің жылы лебізін білдірді.

"Қостанай өңірінде өмірге келген Серәлі ағаларыңның өмірі мен өнері өшпес дүние. 65 жыл қазақ сахнасында еңбек етіп, оны қалаушылардың қатарында. Есімі ерекше құрметпен аталатын, таусылмайтын тау бұлағы. 1981 жылдан бері Жезқазған театрына әкеміздің атын бергелі жас театрдың ұжымы сенімді ақтай білді. Әкеміз театрда зор шеберлікті көрсеткен актер. Отбасында сүйікті жар, үлгілі әке бола білді",-деді Мәриям.

Айта кетейік, көрмені Мұхтар Әуезов театры мен Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара театр репертуарындағы "Қыз Жібек" музыкалық драмасымен жалғасты. 


https://kaz.nur.kz/preview/1911562/7189a196453b258db7ec49cdc11ad0b5e702fe6793d51a9c41f3c6dcf240a58b116447be4bdf5eb3d09cb5acb184bfdaf00789567633af70cdc6537d8472835f/