БАҚ біз туралы

«Қожанасыр тірі екен...» пьесасы жаңаша сахналанды

«Қожанасыр тірі екен...» . Аталған қойылым үш жылдан бері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында үздіксіз сахналанып келеді. 

«Қожанасыр тірі екен...» пьесасы бүгінгі күннің әлеуметтік, қоғамдық, саяси жағдайын әзілмен астарлап баяндайды. Оқиға 799 жастағы Қожекеңді өз қалтасының қамын күйттеген 33-ші ұрпағы бабасын «сенсациялық жаңалық» деп әлемге жар салып, 5 миллион теңгеге сатпақ болған сәтінен өрбиді. Алматыда жүрген Қожекеңді алып кетуге Арабиядан Әмина, Өзбекстаннан Зүлейха, Тәжікістаннан келген 3-ші әйелі келеді. Олардың өз күйеулеріне таласқандарының өзі біраз көрініс. 

Қойылымда Қожанасырдың рөлін белгілі актер Бекжан Тұрыс шебер сомдап шықты. Қоғамның өзекті мәселесін жеңіл әзілмен өріп, әр көрерменнің жүрегіне жеткізді. Спектакльдің негізгі идеясы да осы. 

Оразхан Кенебаев, қоюшы режиссер:
Бұл спектакльде түркі халықтарының басы қосылып,, бірге өмір сүсек деген идея бар. ең негізгісі, күліп отырып, ойналатын нәрсе көп. Сондықтан, ең негізгі идея және шешімі, сол түркі халықтарының басын біріктіру. 

2009 жылдан бері театр сахнасында қойылған пьеса көрермен көзайымына айналды бүгінде. Қойылымның ғұмыры ұзақ болып, келер ұрпаққа да ой салары сөзсіз.