Театрмен бірге кино өнеріне де сапалы материал ретінде қызмет етті. фильм түсіріліп, кеңестік кірпияз көрермен назарының кішкентай ғана башқұрт еліне қарай бұрылуына септігін тигізді. Классиканың бір-ақ заңдылығы бар – ол уақыт үстемдігіне бағынбайды, өміршеңдігі өлмейді, жасампаздығы жойылмайды. Айбоз Әбіш Кекілбайұлының аудармасындағы «Ай тұтылған түн» трагедиясын қазақ әдебиеті мен өнері де жылы қабылдады. М.Әуезов атындағы академиялық драма театры көзсіз табынып, сөзсіз орындайтын салт-дәстүрдің де озығы мен тозығы болатынын сахна әдебімен әдемілеп көрсетіп, ұзақ жыл бойы өз репертуарындағы таңдаулы қойылымдар қатарында көрерменге ұсынып келді. Даңқты драматургтің тартымдылығын жоғалтпаған осы пьесасын Алматыдағы Бәйте Омаров атындағы «Жас сахна» театры қайта қолға алып, коронавирусқа байланысты карантин басталмас бұрын «Дала заңы» атты жаңа атаумен сахнасүйер қауымға қайыра бір тарту жасаған еді.