БАҚ біз туралы

Әуезов театры республикалық «Комедия» байқауын жариялады


Байқауға кім қатыса алады?
·       сіз Қазақстанда тұрасыз;
·       қазақ тілінде жазасыз;
·       жасыңыз 18 +
·       пьесаңыздың кейіпкерлер саны 2-3 адамнан аспайды

Барлығы осыған сәйкес болса, жұмыстарыңызды teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына КОМЕДИЯ БАЙҚАУЫНА деген белгімен жолдаңыз.

Пьесаларды қабылдау мерзімі – 2022  жылдың 15 наурызына дейін.
Бір автордан бірнеше жұмыс қабылдана береді.
Дәл осы байқауға бұрын жіберілген пьесалар қайта қарастырылмайды.

Байқау номинациялары:
·       ҚАЗІРГІ ЗАМАН КЕЙІПКЕРІ
·       ИНСЦЕНИРОВКА

Екі номинация бойынша екі автор жеңімпаз деп танылып, шығармалары Театр репертуарына қабылданады.
Конкурсқа төрелік ететін Әділқазылар алқасы Әдеби-драма бөлімінің қызметкерлері мен Театр режиссерлерінен тұрады.
Театрдың пьесаны сахналау барысында редакциялау, өзгеріске ұшырату (автор келісімімен) құқығы бар.

. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
   - қазақстандық авторларды қолдау;
   - театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру;
   - жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда                 жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру.

2. Байқауды өткізу мерзімі:
   - пьесалар 2021 жылдың 1 қарашасынан 2022 жылдың 15 наурызына дейін   қабылданады;
   - байқау нәтижесі 2021 жылдың 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай  жарияланады.

3. Байқаудың өткізілу тәртібі:
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
-   заманауи комедия;
-  инсценировка (комедия жанрында).

   *  *  *
   - байқауға республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады;
   - байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, бұрын қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа 2-3 кейіпкерлік комедиялық драмалар, инсценировкалар (автор туралы мәліметтермен және автор суретімен қоса) жолдануы шарт;
   - авторлар бірнеше номинацияға қатыса алады, номинацияда көрсетілген әрбір жанрға бір шығарма ғана ұсынылады;
   - байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 30 беттен аспауы тиіс (шрифт Times NewRoman-14);
   - комедиялық драма, инсценировка teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына КОМЕДИЯ БАЙҚАУЫНА деген тақырыппен жолдануы шарт;
   - байқауға түскен шығармаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды.

4. Байқау қорытындылары бойынша:
   - үздік деп танылған комедия жанрында жазылған бір пьеса және бір инсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады;
- сонымен қатар сәтті деп танылған кей пьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.

Ескерту: Театрдың пьесаны сахналау (түсірім жасау) барысында редакциялау, өзгеріске ұшырату (автор келісімімен) құқығы бар.


Анықтама үшін: Ә.Қ. Бөпежанова, эл.мекен-жайы: bopezhanova@list.ru

https://baq.kz/news/othernews/m-auezov-teatry-respublikalyk-komediya-baykauyn-zhariyalady/