Media about us

Мадина Омарова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын-жазушылармен кездесті. Іс-шарада министр ақын-жазушылар С.Соқпақбаева, К.Құныпияұлы, Е.Шайхыұлы, М.Отарбаев, М.Омаровалармен кездесіп, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, қырғыз әдебиетінің өкілі Перизат Алмазқызына Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалін және бір топ қаламгерлерге Алғыс хат табыстады. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының драматургі Мадина Омарованы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен құттықтаймыз!