БАҚ біз туралы

Оң қол...

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында тағы бір жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Ол жазушы Т.Әбдіктің «Оң қол» пьесасының оқиға желісіне негізделген хоррор драмасы болатын.
Шығарма адам мен қоғам қатынасын əрдайым басты назарда ұстайды. Әрқилы тағдыр иелері өздерінің арман-мұңымен, қасірет-қайғысымен, қуаныш-ренішімен бой көрсетеді. Осы қатардағы қарапайым жандардың қоңыр тіршілігінің өзінен заман шындығын, уақыт бедерін танып, таразылауға тырысасың. «Оң қол» қойылымындағы басты кейіпкер-Алманың бойындағы үздіксіз жүріп жатқан үрей мен қорқыныш, өмір мен өлім арасындағы арпалыс, жан толғанысы кеңінен суреттелген. Алма ұйқыға ене бастаса-ақ алқымына ұмтылатын оң қолдың опасыздық әрекеті тұқым қуалаған қауіпті сырқатымен күресі заманға берген бағасы, шығарған үкімі. Жалпы, жазушы күнделікті өмірдегі психологиялық кейіпкерлерді көрсете отырып, заманымыздың ауқымды шиеленістерін философиялық тұрғыдан саралаған.
«Оң қол» хоррор драмасының сахналық нұсқасы-Қ.Мұрат, қоюшы-режиссері-А. Шарипов, қоюшы-суретші-Қ.Түстікбаев, хореграф-Г.Мухамеджанова, режиссердің ассистенті-А.Сейтметов, режиссердің көмекшісі-А.Кабдешова. Рөлдерде дәрігер жігіт-Ш.Пірназаров, К.Беисагалиев, Алма-И.Меңдібаева, З. Рахымжан, Шал-А.Сейтметов, Б.Қаптағай, кейіпкер кемпір-М.Келгенбай, Л.Калдыбекова.











                                                                             Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы
Ақпарат: http://kazgazeta.kz/news/111195