БАҚ біз туралы

"Ashyq" пилоттық жобасы қалай жұмыс істейді?

1) Театрға келмес бұрын,  телефоныңызға арнайы "Ashyq" мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз. Оған телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізіп, алдын ала тіркеліңіз. Театрға кіре берісте кіруді тіркеу үшін нысанның жеке QR-кодын сканерден өткізіп, шыққан нәтижені бақылаушыға көрсетіңіз. 

2) Ұялы телефоныңыз болмаған жағдайда, жеке куәлігіңізді өзіңізбен алып жүрсеңіз жеткілікті. Бақылаушы арнайы бағдарлама арқылы тексеріп, денсаулық статусыңызды анықтайтын болады. 

3)Театр қойылымдарының жас санатына сай келетін, +7 жастан асқан балаларды алып келетін болсаңыз, тексеріс үшін олардың куәлігінде көрсетілген ЖСН қажет болады.