СМИ о нас

«Екеуміз...» драмасы

Тұңғыш рет М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры сахнасында бірден 4 жаңа қойылымның тұсауы кесілмек. Күні кеше ғана қоюшы-режиссері Н.Дубстың «Екеуміз...» драмасының премьерасы өтті. 
Мәскеулік драматург Олжас Жанайдаровтың «Кафедегі екеу» пьесасы желісінде қойылатын  «Екеуміз...» атты жаңа қойылымы жастар арасындағы желік сезім, стереотиптік көзқарастар, әлеуметтік мәселелер және отбасылық құндылықтар жайында. Жеке адамның өзін-өзі тани білуі, өзгенің жанын, жақынының жанын сезіне алуы, тыңдай-көре білуінің, түсінісу мен жарасымның, кешірімнің қаншалықты маңыздылығын ұғындыратын сәттерге куә етеді.
Наташа Дубс, Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театрының актрисасы әрі режиссері:
-Бұрын-соңды мен ол автормен жұмыс істеген емеспін. Маған ұсыныс жасағандықтан, шығармашылығына деген қызығушылығым оянды. Оның кез келген туындыларында өміршеңдігін жоғалтпайтын өзекті тақырыптар көтерілетіндігі ұнады. Біздің қоғамда да дәл сондай жәйттар орын алуда. Сондықтан, бұл қойылымға бүгінгі күннің сипатын бердім.
Оқиға жастар арасындағы махаббат сезімі жайлы. Олардың бір-біріне деген сенімнің жоғалуы, орынсыз қызғаныштары, тұрақсыздығы – бақытты өмірге сызат түсіреді. Саша мен Катя, Азамат пен Лена сынды бас кейіпкерлерімізді көру арқылы көрермен өзін-өзі таниды, өзгенің жанын сезінеді және «Ол адамның жанында өз болашағымды елестете аламын ба?» деген сұраққа жауап іздейтін болады. «Мен және Оның» жанымыздан табылуы әркімнің таңдауы. Бұл туынды арқылы «Тағдыр - отбасын құрған адамдардың өз қолында» екенін айтқым келеді. 



Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы
Толығырақ http://kazgazeta.kz/news/111158