БАҚ біз туралы

"Оскар" иегері қазақ ақынының өлеңін оқып, жұртты таңдай қақтырды

"Оскар" жүлдесі мен Канн фестивалінің Алтын пальма бұтағының иегері Жюльет Бинош Астана қаласына келді деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Танымал француздың театр және кино актрисасы Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтау үшін елордаға келді. Шара барысында ол "Des mots pour le dire"- "Айту үшін арналған сөздер" моноқойылымымен өнер көрсетті.
Ол барлық көрермендерді қазақтың белгілі ақыны Қасым Аманжоловтың "Сарыарқа", "Қара көздер" өлеңдерін оқып беруімен таңғалдырды.
Француз актрисасының жанкүйерлері мен ақынның өнерін бағалаушылар үшін бұл үлкен тосынсый болды", - деп жазды жеке парақшасында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
https://kaz.nur.kz/1739935-oskar-iegeri-kazak-akynyny-lein-okyp-zrtty-tadaj-kaktyrdy.html