БАҚ біз туралы

Ұлттық театрда - "Премьералар апталығы"

Тұңғыш рет М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры сахнасында бірден 4 жаңа қойылымның тұсауы кесілмек. 2021 жылдың 16 ақпан күні сағат 16.00-де   «Премьералар апталығына» орай баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясына М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі – А.Әшімов, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Е.Жуасбек, «Барымен базар» (авт. Т.Нұрмағанбетов) комедиясының қоюшы-режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Н.Жұманиязов, «Екеуміз...» (авт. О.Жанайдаров) драмасының қоюшы-режиссері – Н.Дубс, «Оң қол» (авт. Т.Әбдіков) хоррор драмасының қоюшы-режиссері – А.Шарипов, «Туған күн» (авт. Б.Қажынәбиева) монодрамасының қоюшы-режиссері – Е.Кәрібаев қатысады.
Баспасөз-конференциясы барысында жаңа қойылымдардың бүгінгі қоғам үшін маңызы, жанры мен стильдік ерекшеліктері, актерлік құрамы сынды мәселелер талқыланатын болады.
Мәдени іс-шара 16 ақпан баспасөз конференциясымен басталып,
17 ақпан қоюшы-режиссер Н.Дубстың «Екеуміз...»  драмасы;
18 ақпан қоюшы-режиссер А.Шариповтың «Оң қол» хоррор драмасы;
19 ақпан қоюшы-режиссер Н.Жұманиязовтың «Барымен базар» комедиясы;
20 ақпан қоюшы-режиссер Е.Кәрібаевтың «Туған күн» монодрамасының премьерасымен өз жалғасын табады.


Өтетін орны: М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры
Күні: 16 ақпан, 2021 жыл
Басталуы: сағат 16:00