БАҚ біз туралы

«Апалы-сіңлілі үшеу» қазақ театры сахнасында

АСТАНА. 21 сәуір. BAQ.KZ - Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» атты драмасы сахналанды. 
Әлем театрларында ең көп қойылатын драматург санатындағы А.Чеховтың бұл пьесасы қазақ театрында алғаш рет сахналанып отыр. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, режиссер Рубен Андриасян мен Алма Кәкішеваның бұл қойылымын қазақшалаған белгілі театр сыншысы – Әлия Бөпежанова. Спектакльде сахна өнерінің майталмандары Құман Тастанбеков, Бақтияр Қожа, Торғын Тасыбекова, Меруерт Өтекешевалармен қатар, М.Әуезов театрының орта буын актерлері ойнайды. Оқиға губерния тұрғындары зиялылар отбасы Прозовтардың үйінде өрбиді. Апалы-сіңлілі Ольга, Ирина мен Машаның болашаққа құрған жоспары көп. Жүрегі таза, жаны нәзік апалы-сіңлілілер өмірлік серіктерін тауып, мағыналы ғұмыр кешкісі келеді. Бірақ сыныптай аққан уақытпен бірге бұл биік мұрат алыстай түскеді. Қойылым арман жетегіндегі жігерсіз адамдардың күнделікті күйбең тірлігі мен үйлесімсіз қарым-қатынасына құрылған.
Әлия БӨПЕЖАНОВА, театр сыншысы:
- «Апалы-сіңлілі үшеудің» қазіргі заманмен үндестігі өте көп. Бұл адамдардың өзінің тағдырына жауап беруі, тектілік пен тексіздіктің арасындағы айырмашылық. Адамдардың өмірдегі дисгармония неден туындайды, өзінің өмірі, бақыты үшін қалай күресе алады, бос жүру, еңбексіздік секілді көптеген мәселе қарастырылған. 

24kz