БАҚ біз туралы

ҚАЗАҚ САХНАСЫНЫҢ ІРІ ТҰЛҒАСЫ

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры бірлесіп, актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серәлі Қожамқұловтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Қазақ сахнасының ірі тұлғасы» атты көрме ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д.Абзалиденұлы, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры директорының орынбасары Ж.Толғанбай, театр директорының кеңесшісі, режиссер Е.Обаев, режиссер Ә.Рахимов, театр музейінің жетекшісі Н.Тамабекқызы, Серке Қожамқұловтың қызы М.Қожамқұлова және С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының директоры Д.Сәкенұлы қатысты. Көрменің лентасын Мәриям Қожамқұлова және режиссер Әубәкір Рахимов қиды.




Іс-шара театр репертуарындағы Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасымен жалғасты.
Қазақ ұлттық драма театры директорының орынбасары Жалғас Толғанбай
Бұл көрме, Серағамыздың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды, Көрме алғашында Жезқазған қаласында одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында қойылды. Көрмеге Серәлі Қожамқұловтың 150 ге тарта жеке қорынан пайдалған дүниелірі мен архивтерден алынған суреттер,газет журналдарда басылған мақалалара қойылды.Олар «Еңілік Кебек» спектакельіндегі Еспенебет рөлінде киген сахналық кимі, «Ревизор» қойылымындағы Земленики рөлінде киген кимі,үшіншісі «Абай» спектакельінде Майсалбайдың образында киген шапаны. Сонымен қоса  пайдаланған заттары көзіне киген көзілдірігі, қамшысы,араб тілінде жазған қол жазбалары,жеке күнделігі мен алған марапат медальдары қойылды.Көрмені театырымызға келген әрбір көрермен тамашалай алады, келем деушілерге әрқашанда есік ашық.
 Серәлі Қожамқұловтың қызы — Мәриям Қожамқұлова
Әкеміз өте тамаша білімдар азамат еді, саналы ғұмырын ерінбей жалықпай, керемет құлшыныспен театырға арнаған жан.Осынау келіп жеткен 125 жылдық мерей тойында, еңбек еткен театрының төрінде , тамаша көрме ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымын. Осы уақытқа дейін қаншама мерей тойы ұйымдастырылсада дәл осындай,көрме жарыққа шықпаған еді , 150 ден астап құнды дүниелердің басы жинақталып оны өскелең жас ұрпақтың тамашалап жатқанына алғысымды білдіремін.

                                                                                                                Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ

https://almaty-akshamy.kz/aza-sahnasy-ny-iri-t-l-asy/