БАҚ біз туралы

Әуезов театрының жаңа маусымы ашылды


Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 96-маусымы "Абай " спектаклімен ашылды

13 қазанда Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының кезекті маусымының шымылдығы түрілді.
Жаңа маусымның ашылуына театрдың әртістері мен режиссерлері қатысты. Олардың арасында театр және кино актері Саят Мерекенов, режиссер Алма Кәкішева, актерлер Бақтияр Қожа,Бекжан Тұрыс, Асылбек Боранбай мен актрисалар Дәрия Жүсіп, Шынар Жанысбекова қатысты.
Театр ұжымы атынан жиналған қауымға ізгі тілегін театр директоры Еркін Жуасбек білдірді.
"Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы сөнеді, дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Пандемия дедік, шектеу қойдық, бірақ адамның қарны тойғанымен, рухы қашан да аш болуы керек. Осы аштықтан сақтасын деп отырғанда, пандемияның да қатты кезеңі артта қалған сияқты. Сондықтан мынау сахна, мына көрермен залы сіздерді қатты сағынды, ағайын. Театрдың өмірі сіздердің қолдарыңызда, жүректеріңізде, шапалақтарыңызда", - деді театр директоры Еркін Жуасбек.
Дәстүрге сай жаңа маусымда Мұхтар Әуезовтің бір шығармасы сахналанады. Театр директоры мұны театрдың жазылмаған заңы деп атады. Осылайша 96-маусымның ашылуына жиналған көрермен "Абай" спектаклін тамашалады.
Маусымашарда көрерменге арнайы "Сахна сәттері" көрмесі ұйымдастырылды. Ол жерде кейінгі 40 жыл ішінде театр сахнасындағы тарихи сәттерден фотолар қойылды.


https://sputnik.kz/photo/20211014/18407111/auezov-teatry-mausym-foto.html