Мухтар Ауезов

ABAITV арнасы ашылды

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің есеп беру жиынында «Абай»телеарнасының ашылатынын хабарлап айтқан еді. 1-шілдеде Мәдени-ағарту бағытындағы «Абай» телеарнасының тұсауы кесілді. Ашылу салтанатына ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, Парламент депутаттары қатысты. Осы ретте М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Еркін Жуасбек құттықтау сөз сөйледі.