БАҚ біз туралы

М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры сүйікті көрермендері үшін есігін қайта ашпақшы

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің 2021 жылғы 2 сәуірдегі N15 қаулысына сәйкес Алматы қаласы коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша әлі де ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТА.

Сондықтан, театр жұмысын көрермендер үшін қауіпсіз режимде жүргізу мақсатында, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Қиясовтың 2021 жылғы 13 сәуірдегі N14 қаулысына сүйене отырып, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры "Ashyq" пилоттық жобасына қатысуда.

"Ashyq" пилоттық жобасы дегеніміз Covid-19 індетімен ауырған келушілерді анықтауға және басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектесетін, Цифрлық даму министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған арнайы жоба.

Ashyq қосымшасы - барлығымызға жаңа ортада өз қызметімізді жалғастыруға тамаша мүмкіндік. Біздің театр осы бағдарламаға қатысуға алғашқылардың бірі болып өтінім беріп, "Ashyq" пилоттық жобасы аясында спектакльдер қоюға дайындалып жатыр.

Жоба аясында жасалған "Ashyq" мобильдік қосымшасы денсаулық статусыңызды анықтап, стандартты 4 түстің бірін көрсететін болады. Жасыл және көк түсті көрсеткен жағдайда ғимаратқа кіруге рұқсат етіледі. Ал, қызыл және сары түс ғимаратқа кіруге тыйым салынғанын білдіретін болады.