БАҚ біз туралы

Өшпес даңқ иесіне құрмет

Арқалықта өшпес өнердің иесі, біртуар тұлға, көрнекті театр және кино актеры Ә.Боранбаевтың 70 жылдығын мерекелеу шаралары басталды. «Бар халық танитұғын тұлға берген, Хош келдіңдер Арқалық шаһарына» ақын арнау жыр айтып, қазақы салт дәстүрімізге сай шашу шашылып, ән күймен думандатып, қала жұрты құрметті қонақтарды теміржол вокзалы басынан қарсы алды.
Айтулы шараға орай арнайы митинг ұйымдастырылып, қала әкімі Амантай Балғарин, М. Әуезов театрының директоры Асхат Маемиров жүрекжарды лебіздерін білдірді. Делегация құрамында режиссер Есмұқан Обаев, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешова, Әнуар ағаның жұбайы Ақбөпе Камалқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бақтияр Қожа, Ғазиза Әбдінәбиева, Әлия Бөпежанова, Мұрат Нұрасылов, Саят Мерекеұлы, Шынар Асқарова, Бекжан Тұрыс және басқа да өнердің өрен жүйріктері бар.
 Толық құрамымен келген Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры қалада бірнеше күн қонақ болып, өнер сүйер қауымға "Қыз жібек", "Сыған серенадасы", "Жүз жылдық махаббат", "Қоштасқым келмейді", "Қожанасыр тірі екен…" сияқты спектаклдерді тегін қоймақ.
 Басты шаралардың бірі Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында Ә. боранбаевтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді. Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында өтіп отырған тағылымды шараға қатысушылар тарихи тұлғаның туған жері Аманкелді ауданына да табан тіремек.

Мұрат Жүнісұлы Суреттерді түсірген автор

 Арқалық қаласы

http://kostanaytany.kz/archives/62827