БАҚ біз туралы

Денсаулық статусыңызды алдын ала тексеріңіз

"Ashyq" мобильдік қосымшасы арқылы өз денсаулық статусыңызды үйден шықпай-ақ тексере аласыз.

Ол үшін бар болғаны http://ashyq.kz/ сілтемесіне өтіп, "App store"  немесе "Google play" аккаунтыңыз арқылы "Ashyq" мобильдік бағдарламасын көшіріп алыңыз. Телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізіп,  тіркеліңіз. 

Тіркеліп болған соң http://ashyq.kz/ сілтемесінде берілген тексеруге арналған (проверка) арнайы QR-кодты сканерлеңіз.

Индикаторда денсаулық статусыңызға сай 4 түстің бірі көрінеді. 

Театрға келмес бұрын, алдын-ала денсаулық статусыңызды тексеріп алу - театр қызметкерлерінің де, өзіңіздің де уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі.