Театрының гастрольдік көрсетілімдері 6-12 қазан аралығында өтеді. Көрерменге театр ұжымы М.Әуезовтің «Абай», Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббат», Д. Исабектің «Жаужүрек», Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..», Б.Жәкиевтің «Жүрейік, жүрек ауыртпай», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Р.Отарбаевтың «Бейбарыс Сұлтан» спектакльдерін ұсынады.
Қырғыз сахнасында ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімовтен бастап, Торғын Тасыбекова, Төлеубек Аралбай, Айдос Бектемір, Шәмшәгүл Мендиярова сияқты өнер майталмандары, жалпы саны 40-қа жуық актер өнер көрсетпек.