БАҚ біз туралы

Төрт түрлі жанрды қамтыған апталық

Алматыдағы Мұхтар Әуе­зов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Премьера­лар апталығы» өтті. 4 бірдей пре­мьера көрерменге жол тарт­ты. Театр директоры Еркін Жуасбектің айтуын­ша, тұ­сауы кесілген төрт спек­такль төрт түрлі жанрды қам­­тиды. Бұл – осы ұжымның із­денісінің нәтижесі.

Көрерменге ұсынылған пре­мьера­лардың алғашқысы – мәскеу­лік драматург Олжас Жанайдаров­тың «Кафедегі екеу» пьесасы негізінде сахналанған «Екеуміз…» драмасы. Қоюшы режиссері – Мемлекеттік республикалық неміс драма театрының актрисасы әрі режиссері Наташа Дубс. Драматург О.Жанайдаровтың пьесасы жастар арасындағы желік сезім, стерео­типтік көзқарастар, әлеуметтік мәселелер және отбасылық құн­дылықтар жайында. Жас режиссер Алмат Шәріпов сахналаған Төлен Әбдіктің «Оң қол» хоррор дра­ма­сын­да оқиға желісі адам мен қоғам қатынасын әрдайым басты назарда ұстайды. Тынымбай Нұр­маған­бетов­тің «Барымен базар» коме­дия­сында (режиссері Нұрлан Жұ­ма­ниязов) қазіргі қоғамда болып жат­қан өзекті мәселелер ащы са­ти­рамен мысқылданып, көрер­мен­дерді күлдіре отырып ойға баты­ра­ды. Ал «Туған күн» монодрамасы (режиссері Ерлан Кәрібаев) ата-ананың ыстық құша­ғы мен аялы алақанын се­зінбей, ба­лалар үйінде тәрбие­ленген, бой­жеткен шағында сүйген, сенім артқан адамынан сат­қындық кө­ріп, үміті кекке ұлас­қан, тағдыр тәл­кегіне түскен әйел­дің ішкі сезімі туралы. «Туған күн» мо­нодрамасында бір ғана актриса – Назгүл Қарабалина ойнайды. Идея авторы да өзі. Оны сахнаға лайық­тап жазған – актриса Баян Қа­жынәбиева. Жалғыз ак­трисаның 1,5 сағат бойы көрер­менді ұстап отыруы өте қиын. Де­генмен актри­са сан жылдар бойы жинаған тәжі­ри­бесін осы моно­драма арқылы сы­нап көрмек.
Бір аптада төрт бірдей пре­мьера­ның көрерменге ұсынылуы өте сирек кездесетін жағдай. Ол өте жауапкершілік пен үлкен дайын­дықты қажет етеді. Мұны қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов ағамыз да растайды.
«Бұл тарихта сирек болатын жағ­дай. Жігіттер қайсарлық көр­се­тіп, күндіз-түні жұмыс істеп, бә­рін бір мезгілде шығарды», – деді Қа­зақ­станның халық әртісі, театр­дың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов.
Қазіргі эпидемиологиялық аху­алға байланысты театрда әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. Ал­маты қаласы бас санитар дәрі­гері­нің соңғы қаулысына сәйкес, театрларда көрермен сыйым­ды­лы­ғы 30 пайызға өскен болатын. Осы­ған орай өнер шаңырағы әзірге 230 көрер­менді қабылдай алады.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ


Толығырақ: https://aikyn.kz/113621/%d1%82%d3%a9%d1%80%d1%82-%d1%82%d2%af%d1%80%d0%bb%d1%96-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d1%80%d0%b4%d1%8b-%d2%9b%d0%b0%d0%bc%d1%82%d1%8b%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%bf%d1%82%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b/