БАҚ біз туралы

М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрында «Премьералар апталығына» орай баспасөз конференциясы өтті

Баспасөз конференциясына М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері – А.Әшімов, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Е.Жуасбек, «Барымен базар» (авт. Т.Нұрмағанбетов) комедиясының қоюшы-режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Н.Жұманиязов, «Екеуміз...» (авт. О.Жанайдаров) драмасының қоюшы-режиссері – Н.Дубс, «Оң қол» (авт. Т.Әбдіков) хоррор драмасының қоюшы-режиссері – А.Шарипов, «Туған күн» (авт. Б.Қажынәбиева) монодрамасының қоюшы-режиссері – Е.Кәрібаев және БАҚ өкілдері қатысты.
Баспасөз-конференциясы барысында жаңа қойылымдардың бүгінгі қоғам үшін маңызы, жанры мен стильдік ерекшеліктері, актерлік құрамы сынды мәселелер талқыланды.


Мәдени іс-шара 17 ақпан қоюшы-режиссер Н.Дубстың «Екеуміз...» драмасы;
18 ақпан қоюшы-режиссер А.Шариповтың «Оң қол» хоррор драмасы;
19 ақпан қоюшы-режиссер Н.Жұманиязовтың «Барымен базар» комедиясы;
20 ақпан қоюшы-режиссер Е.Кәрібаевтың «Туған күн» монодрамасының премьерасымен жалғасын табады.


 
"Оң қол" спектаклінің режиссері Алмат Шәріпов


"Екеуміз..." спектаклінің режиссері Наташа Дубстан сұхбат алу сәті