БАҚ біз туралы

Премьералар апталығы: Әуезов театрында «Оң қол» сахналанды

Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрында премьералар апталығы басталды. 18 ақпан Төлен Әбдіктің «Оң қол» әңгімесінің желісі бойынша сахналанған хоррор драма алғаш рет көрермен назарына ұсынылды. Қойылымға өзек болған идея – адам мен қоғамдағы қайшылықтың көрінісі. Басты кейіпкер Алманың түсі арқылы адам санасында үздіксіз жүріп жатқан процесті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен жеткізе білді.

Басты кейіпкер Алма мен дәрігер жігіт

Яғни Алма бейнесі – сол кезеңнің, заманның, яғни сұлулық, ізгілік, үйлесімділік секілді қасиет-құбылыстарды өзіне қажетсіз деп танып, денесінен сығып тастаған қоғамның, өркениеттің өзін-өзі тұншықтыруы. Ал қойылымға жиналған көрерменнің сахнадағы кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге қайғыруы – шығарма сюжетін берудегі шеберлік.



Басты рөлдегі дәрігер жігіттің рөлін Ш.Пірназаров, К.Беисагалиев, Алма – И.Меңдібаева, З. Рахымжан және қарияны А.Сейтметов сомдады. Қойылымның қоюшы-режиссері – А.Шарипов, қоюшы-суретші – Қ.Түстікбаев, хореограф – Г.Мухамеджанова. Театр ұжымының үйлесімді еңбегі бұл туындыға жаңаша дем беріп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

                                                                                                                       "The Qazaq Times"

Ақпарат: https://qazaqtimes.com/article/83842