БАҚ біз туралы

"Монодрама" байқауының жеңімпаздары анықталды


М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының 2020 жылдың қыркүйегінде жариялаған «Монодрама» байқауы өз мәресіне жетті. 

Қазақстандық авторларды қолдау, театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру, жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру мақсатында «Үздік тарихи монодрама», «Үздік заманауи монодрама», «Үздік инсценировкалық монодрама» жанрларында жарияланған байқаудың жеңімпаздары 2021 жылдың 27 наурызы – Халықаралық театр күніне орай анықталды.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз деп танылғандар:     

«Заманауи монодрама» жеңімпазы – А. Ахмет. «Бейтаныс-таныстар», С. Нұғыман «Жан алқым»   

«Тарихи монодрама» жеңімпазы – Қ. Бегманов. «Менің Мұстафам»

«Инсценировкалық монодрама» жеңімпазы - Д. Амантай. «Біреудің өмірі»

М. Әуезов атындағы Ұлттық драма театры жанындағы «Жас драматургтар лабораториясы» аясында жазылған «Үздік монодрама» - Ж. Бауыржанқызы «Қайдасың, мама?» 

Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!