БАҚ біз туралы

Әуезов театры көрермендер арасында «Үздік эссе» байқауын жариялады


Қымбатты көрермен, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұлттық театр ұйымдастырып жатқан «ҮЗДІК ЭССЕ» байқауына қатысыңыз!

Эссе тақырыптары төмендегідей:
1) «Ұлттық театр – қазақ сахна өнерінің қарашаңырағы»
2) «Менің сүйікті актерім»
3) «Менің сүйікті спектаклім»


Аталған тақырыптар бойынша жазған эсселеріңізді smi.auezov@mail.ru поштасына жолдаңыздар!

Байқау нәтижесі желтоқсан айының аяғында жарияланатын болады.
Жеңімпазға арнап актер, КСРО Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, ұлттық театр өнерінің абызы – Асанәлі Әшімовтің қолтаңбасы қойылатын «Қазақтың мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы драма театры» атты құнды кітап пен сүйікті спектакліңізге екі адамдық шақыру беріледі.

Ендеше, қапы қалмаңыз, шығармашыл көрермен!