Media about us

Сәбит Оразбаев І дәрежелі «Барыс» орденін иеленді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен актер, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының артисі Сәбит Оразбаевқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Қазақ театры өнері мен мәдениетін дамытуда ерекше үлес қосқан актер биыл 85 жасқа толды.