БАҚ біз туралы

Дулыға АҚМОЛДА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жастар одағы сыйлығының иегері: Наурыз ресми мереке ретінде бекітілгенде халықтың өшкені жанғандай болды

– Наурыз – қазақ халқы үшін ғана емес, түбі түркі халықтары үшін ерек мейрам. Ел-жұрт қыстан аман шыққанына қуанатын, жер­дің бетіне көк шығып, табиғат жаңаратын шақ. Табиғат қана емес, оның бір бөлшегі – адамның да жаңару сәті.

Наурыз десе, ауылда апама ілесіп, үй-үйді аралап, наурыз көже ішіп жүре­тін бала күнім ойға оралады. Қариялардың жанында отырып, тағы­лымға толы әңгімелер тыңдаушы едік. Ширек ғасырдан астам бұл мей­рам­ды тойлауға тыйым салынғанымен, ауылдағы ағайын қазақтың дәс­түрін бұзбай, қадір-қасиетін төмендетпей бүгінгі күнге дейін жет­кізді. Тоқсаныншы жылдардың басында Наурыз ресми мереке ретінде бекітіліп, жалпыұлттық деңгейде тойлана бастағанда халықтың өлгені тіріліп, өшкені жанғандай болды. Ауыл, аудан орталықтарында үлкен мерекелік концерттер өткізіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылатын. Орталық алаңдарда өтетін қазіргі мерекелік шаралардан айырма­шылығы – ол уақытта халықтың жүзінен шын қуаныш менмұндалап тұратын. Қазіргідей жасандылық, әйтеуір есеп үшін өткізсек болды деген немқұрайлық болмайтын.

Бұл мейрам – отбасымыз үшін ең қадірлі, асыға күтетін мереке. Бар­лық ағайын-туысымызбен бір шаңырақ астында бас қосып, наурыз көше ішеміз. Ақ дастарқан басында бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, ке­ліп жеткен Жаңа жылымыз жайлы, табысты болса деп ниеттенеміз. Дос-жаран, көрші-қолаңның үйін аралап, мәре-сәре боламыз. Осы дәстүріміз үзілмесе екен.
Дереккөзі: https://turkystan.kz/article/141762-dulyga-akmolda-kazakstannyn-enbek-sinirgen-kayratkeri-zhastar-odagy-syylygynyn-iegeri-nauryz-resmi-mereke-retinde-bekitilgende-halyktyn-oshkeni-zhanganday-boldy