БАҚ біз туралы

«Қарашаңырақ – 2021» жаңа қойылымдар фестивалі көрерменін күтеді

2021 жылдың 7-11 желтоқсаны аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәстүрлі «Қарашаңырақ – 2021» жаңа қойылымдар фестивалін өткізеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фестивальдің мақсаты – жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, оның ішінде актерлердің табысты жұмысын анықтау. Актерларға жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайту. 

Фестиваль барысында қазылар алқасы номинациялар бойынша үздіктерді анықтап, жеңімпаздар 14-желтоқсан күні сағат 11.00-де өтетін фестивальдің жабылу салтанатында марапатталады. 

Фестиваль күнтізбесі:
7 желтоқсан  О.Жанайдаровтың «Екеуміз» драмасы (режиссер: Н.Дубс), басталуы: сағат 18.30-да;
8 желтоқсан – жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Т.Әбдіктің «Оң қол» хоррор-драмасы (реж. А.Шәріп), басталуы: сағат 18.30-да;
9 желтоқсан – Б.Қажынәбиеваның «Туған күн» моноспектаклі (реж. Е.Кәрібаев), басталуы: сағат 18.30-да; 
10 желтоқсан – жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Т.Нұрмағанбетовтің «Барымен базар» комедиясы (реж. Н.Жұманиязов), басталуы: сағат 18.30-да;
11 желтоқсан – Б.Брехтің «Пері қатын» драмасы (реж. Е.Нұрсұлтан), басталуы: сағат 18.30-да.


«Екеуміз» қойылымынан көрініс (реж.: Н.Дубс)

http://madeniportal.kz/article/6814