СМИ о нас

Әуезов театрында алғаш рет премьералар апталығы

М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық Академиялық драма театрында премьералар апталығы. 4 түрлі спектакль, сан түрлі оқиғалар.

17 және 24-ші ақпан күндері Мәскеулік қандасымыз Олжас Жанайдаровтың «Двое в кафе» пьесасы сахналанады. Қазақ тіліне аударған Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының түлегі Ақмарал Айтбаева. Қоюшы-режиссері Алматыдағы неміс театрының бас режиссері Наталья Дубс. Спектакль қоғамдық стереотиптерге байланып, өз жанын дұрыс һәм толық түсінбеген жандар туралы. Махаббат деген не? Сүйгеніңе қосылу ма? Ішкі махаббат, ішкі үйлесімділікті түсіну үшін не істеу керек? Катяның рөлінде Ажарлым Бақытжанова мен Мадина Келгенбайды, ал Азаматтың рөлінде Қуаныш Бейсеғалиев, Әділет Базарбай және Нұрғиса Қуанышбайұлын көре аласыздар.

Сіз Төлен Әбдіковтың "Оң қол" әңгімесін оқып көрген бе едіңіз? Әрине, бір деммен оқылатын әңгіме болса да оқып болған соң өзгеше сезімге бөленесіз. Әрі осы әңгімені енді театр сахнасынан да тамашалай аласыз. 18 және 25-ші ақпан күндері кіші залда режиссер Алмат Шарипов қойған хоррор-драма сахналанады. Басты рөлде Индира Меңдібаева мен Захира Рахымжан.

Ал 19, 26-шы ақпан күндері үлкен залда комедия. Бұл жанрда талмай жазып келе жатқан драматург Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Барымен базар» пьесасы алғаш рет сахналануда. Жұманиязов қойған бұл туынды көрерменді күлдіріп отырып, ойға батырады. Спектакль қоғамдағы өзекті мәселелер туралы.

20, 27-ақпан Ерлан Кәрібаев қойған «Туған күн» спектаклі.


Сағадат Ниеталиев
https://bugin.kz/18302-auezov-teatrynda-alghash-ret-premeralar-aptalyghy