БАҚ біз туралы

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті



2021 жылдың 14- мамыры күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында министрліктің өткен жылғы және осы жылдың І-тоқсанындағы негізгі жетістіктері, мақсаттары туралы баяндама жасады. Министрліктің атқарған барлық шаралары Мемлекет басшысының Жолдауларына, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларына, Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасына, Президентіміздің «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» атты мақаласына негізделген.

Министр өз сөзінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес Министрлік барлық жоспарланған шаралардың уақтылы және сапалы өткізілуін қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.

Бүгінгі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында берген есептік кездесуін М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы ыждағаттылықпен ден қойып тыңдады.

Пандемия жағдайына қарамастан, Министрлік ұлттық мәдениетімізді дамытуда тыңғылықты жұмыс атқаруда. Алдағы уақытта да жоспарлаған іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге аспақ.
Министрлік пен ведомство басшылығының жұмыстарына сәттілік тілейміз.  


Құрметпен, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы атынан директор Е.Жуасбек