БАҚ біз туралы

Отелло – ержүрек әскербасы

Спектакль премьерасы 22, 24 сәуір күндері өтеді.
Ержүрек әскербасы, бекзат нәсілді мавр Отелло венециялық жап-жас сұлу Дездемонаға үйленіп, арманына жетеді. Бірақ, көп ұзамай көмекшісі Ягоның «ол сізге адал емес» деген алдау-арбауына түскен ол неке түні Дездемонаны өлтіреді де, алданғанын білген соң «аһ» ұрып, өзіне қол жұмсайды. Әу бастан-ақ үйлесімі аз бұл неке осылайша қайғымен аяқталады. Бұл – махаббат пен қызғаныш, айналасын түгел қасіретке ұшырататын зұлымдық туралы жалпыға белгілі қысқаша сюжет. Ал, театрдың жаңа қойылымында режиссер трагедияны Шекспир мәтінінің құпияларына үңілте отырып жаңаша зерделеуге шақырады.
Отелло Дездемонаны шын сүйді ме? Жаны жарқын, өзіне бар көңілімен берілген сүйіктісін өмірінен айыруға оның нендей құқы бар!?. Тіпті небір ұлы идеялардың өзі ешқашанда адам өмірінің өтеуі бола алмайтынын алға тартатын трагедия бүгінгі күнмен өте үндес.
Бұл – Шекспирдің әлем театрларында ең көп қойылатын трагедияларының бірі «Отеллоның» М.Әуезов театры сахнасындағы үшінші қойылымы (бұдан бұрын 1939ж. және 1964ж. шыққан).
О Т Е Л Л О
У.Шекспир
аударған М.Әуезов
режиссер Н.Птушкина
сахналық нұсқаны аударған: Ә.Бөпежанова
үш актылы трагедия
қоюшы-режиссер                                  – Н.Птушкина /Ресей/
қоюшы-сценограф                                – Б. Валуев /Ресей/
костюм суретшісі                                – А.Игруша /Беларусь/
музыка және
пластикалық шешім                             – В.Чекасин /Ресей/
режиссердің ассистенті                         – М.Қапалбаев