БАҚ біз туралы

«Мемлекеттік театрлар мен театр ұйымдарының театр-гастрольдік қызметі республикалық орталығының» жалпы отырысы өтті.

26 наурыз күні М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған «Мемлекеттік театрлар мен театр ұйымдарының театр-гастрольдік қызметі республикалық орталығының» жалпы отырысы өтті. Іс-шараға Алматыда орналасқан 9 театрдың басшысы қатысты, 25 театрдың басшысы және Министрліктің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Адалдық алаңы" жобасының жетекшісі және көркемдік кеңес мүшелері Zoom форматында тікелей қосылды. Сонымен қатар, «Мемлекеттік театрлар мен театр ұйымдарының театр-гастрольдік қызметі республикалық орталығының» презентациясы көпшілікке таныстырылды. Отырыстың шымылдығын Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы ашты.

Нұрғиса Мұратұлы- Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі

Еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген өздеріңізбен осынау киелі ғимаратта қауышып отырғаныма қуаныштымын.

Осы сәтті пайдаланып, баршаңызды жақында өткен Наурыз мерекесімен және Халықаралық театр күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі күн тәртібінде үш мәселе:

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған                 іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Минамат конвенциясы аясындағы репертуарлық театрлар қызметінің мәселелері.

Мемлекеттік театрлар мен театр ұйымдарының театр-гастрольдік қызметінің республикалық орталығы туралы.


Отырыс барысында еліміздегі театрлардың тыныс-тіршілігі, репертуарлық саясаты, күй-жайы талқыланды. Минамат конвенциясы асяындағы репертуарлық театрлар қызметтерінің мәселері жөнінде М.Лермонтов атындағы Ұлттық академиялық орыс драма театры директоры Юрий Якушев баяндама жасады. Ал Мемлекеттік театрлар мен театр ұйымдарының театр-гастрольдік қызметінің республикалық орталығының жұмыс барысын М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек баяндап өтті. Сонымен қатар, М.Әуезов атындағЫ Ұлттық драма театры көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, Дулат Исабек, Сұлтанғали Балғабаевтар пікір білдіріп, сөз сөйлеп, «Мемлекеттік театрлар мен театр ұйымдарының театр-гастрольдік қызметі республикалық орталығының» ашылуы құптарлық іс екенін алға тартты.


Мәдениет саласын әлеуметтік-экономикалық дамудың айрықша ресурсы ретінде қалыптастыру мәселесі мемлекеттік бағдарламалардың көбінде өзекті мәселеге айналып отыр. Отандық театрлар мен театр ұйымдарының республика, шетелде гастрольдер ұйымдастырып, фестивальдерге қатысуы – халықаралық, республикалық ынтымақтастықтың маңызды саласының бірі. Бұл категорияның басты қызметі еліміздің имиджін қалыптастырып, жоғары беделін арттыруға бағытталған іс-әрекеттермен анықтау. Бүгінгі отырыста Қазақстандық театр ұйымдарының, оның ішінде әрбір актердің өнер көрсетуін еліміздің имидждік саясатына қосылатын үлес ретінде бағалауға болатыны туралы талқылау болды. Осы орайда, ескеретін жайт, отандық театр ұйымдарының фестивальдарға қатысуын, гастрольдік қызметін оңтайландыруға арналған факторлардың қатарын атап өтуіміз қажет.


БАҚ бөлімі