БАҚ біз туралы

М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма театры атанды

Сүйінші хабар! Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығымен Әуезов театрына "Ұлттық театр" мәртебесі берілді. Енді М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма театры атандық. Қазақ театрының қара шаңырағы _ Әуезов театрының 95 жылдық тарихы бар. Театр өнерінің корифейлерінің ізі қалған өнер ұжымын бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!