

- Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Мәдина Омарова:
Осыдан кейін театрдан ұсыныс түсті. Мен қуана қабыл алдым. Пьессаға «Абай жолы» роман-эпопеясы және басқа да зерттеулерді негізге ала отырып жазылды. Бұл жерде ақын өміріндегі басты құнды, құнарлы дүниелерді актер – Болат Әбділманов ағамыз жинақтап берді. Мен тек соларды сахна тілінде сөйлеттім. Бұдан бөлек Абайды зерттеушілерімен де тығыз жұмыс жасадық.

- Режиссер Аридаш Оспанбаева:
Иә, бұндай жаңашылдықтар кейбір кісілерге, көрермендерге ұнамауы да мүмкін. Мен кез келген сынға дайынмын. Алайда сын болды екен деп алдағы уақытта бұл қойылымға күрделі өзгерістер енгіземін деп те айта алмаймын. Құрылымы осы бойынша қалатын болады деп ойлаймын.

Алайда спектакльден соң көрермендер пікікіріне жүгіндік. 7 ай бойы театр сағынан жұрттың біразына бұл қойылым ерекше әсер етсе, енді бір бөлім жұрттың «тоймай» қалғаны да белгілі болды. Көбінесе «Абай образы, жұмбағы толық ашылыпты, жалғастыру керек» – деген сыңайлы пікірлер айтылды. Әрине олқылық та, пікірлер қайшылығы да болуы әбден заңдылық. Бұл алдағы уақытта «Абай көшіне» оң бағыттар сілтемесе, кері әсерін тигізбесі анық. Шын мәнінде Абай бір қойылымға симайтын тұлға.

Осы орайда 21 қазан күні Абайдың «Қара сөздерінің» желісімен қойылатын «Қара» спектаклінің премьерасы өтетінін де хабарлаймыз. Абайға «қанбай» қалған көрермен болса осы қойылымды көруге шақырамыз. Сахналық нұсқасын жасаған әрі қоюшы режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.
Ақпарат ainalain.info ақпараттық сайтынан алынды.