БАҚ біз туралы

"Сәлем, Елорда" ІІ Республикалық өнер фестивалі жалғасуда


Жуырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматы облысы және Алматы қаласы аумағында «Сәлем, Елорда» ІІ Республикалық өнер фестивалі басталды.

Қазақстандықтарды рухани қолдау, отандық өнерпаздарды ортақ іске жұмылдырып, ел еңсесін көтеруге бағытталған бұл жоба бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында өз жалғасын тапты.


Театрымыздың кіші залында «Режиссура. Дыбыс беру. Жарық қою» тақырыбы аясында тәжірибе алмасу сағаты өтті. Шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Әубәкір Рахимов, «Радио-дыбыс беру» цехы бөлімінің меңгерушісі Мәлік Есмұханов және «Жарық беру» цехының меңгерушісі Марат Сисаев, Жарық беру бөлімінің инженер операторы Кәкімжан Сегізбаев жүргізді. Шараға Қазақстанның аймақтарынан келген қонақтар қатысты. Жалпы саны – 23 адам.