Үсіпхан Әбдікерімұлы Сейтімбет
«Құрмет» орденінің иегері (2019).
1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Игілік ауылында дүниеге келді.
1979 жылы Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды.
1983 жылы Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті.
1999 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Нарымбет, Долгов,
М. Әуезов «Карагөз» (реж. А.Л. Мадиевский) – Матай,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ж. Хаджиев) – Жәутей,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Нүке,
Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастаны» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Жарқын,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – Макс,
Т. Нұрмағанбетов «Қожанәсір тірі екен» (реж. О. Кенебаев) – Сақбөрі,
Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер» (реж. О. Кенебаев) – Икс,
Б. Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Яхве,
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев ) – Барон,
Ә. Әмзеұлы «Қара кемпір» (реж. Е. Обаев) – Шөмбай,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази) – Сақ жауынгері,
Шахимарден, Қ. Ысқақ «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Қойгелді,
Е.Жуасбек «Күлеміз бе, жылаймыз ба?..» (реж. М.Ахманов) – Ата,
Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай) – Советбек,
Ә. Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – Әупіш,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Елес.
Г. Ибсен «Қуыршақ үй» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Крогстат,
Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – Жүргізуші,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андреасян) – Вольфганг Клаузен,
М. Кәрім «Күнәһар» («Ай тұтылған түн») (реж. О. Кенебаев) – Ақсақал,
Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. Н. Жуманиязов) – Жұлдызшы,
Г. Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А. Кәкішева) – Абыз шал.

Кинодағы рөлдері:
«Сүйінші», «Алдар көсе» және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.