Зарина Мұхтарқызы Карменова
Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты (2018).
Алматы қаласында 1989 жылы дүниеге келген.
2004-2007 жж. Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясы колледжін музыкалық театр актрисасы, ал 2007-2011 жж. Өнер академиясын «кино және театр актрисасы» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады.
Осы жылдары Лондон қаласындағы Өнер мектебінде қосымша білім алды.
2011 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
С. Асылбекұлы «Империядағы» кеш» (реж. А. Кәкішева) – Сәния,
М. Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек» (реж. О. Кенебаев) – Айгүл,
М. Әуезов «Қилы замана» (реж. Ә. Рахимов) – Бәкей,
Ә. Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – қыз,
Н. Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж. Н. Жақыпбай) – қыз,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Ирина,
Ж. Ерғалиев «Қасқағым» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Жазира,
И. Вовнянко «Қаза мен жаза» (реж. А. Әшімов) – Клеопатра,
А.Д. Эннери мен Ф. Дюмануар «Дон Сезар де Базан» (реж. Ә. Рахимов) – Маритана,
А. Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А. Маемиров) – Катя Лаврова,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Люба (украин қызы),
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Дүрия,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Бәтес,
Т. Нұрмағамбетов «Қожанасыр тірі екен» (реж. О. Кенебаев) – Фәрзана,
И. Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Айгүл,
Р. Куни «Мани-мани» (реж. Е. Нұртазин) – Бэтти Джонсон,
Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Д. Жұмабай) – Зарипа,
А.Чеховтың «Сүйікті менің ағатайым» қойылымында (реж. А. Маемиров) – Елена Андреевна, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Кек» фильмі (реж. Д. Манабай), «Махаббат күші» фильмі (реж. А. Сатаев), «Бір сен үшін» фильмі (реж. А. Төлеу), «Үйлену оңай» телесериалы (реж. А. Дранникова) және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөлдер сомдады.