Жанаргүл Амангелдіқызы Жаныаманова
1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Новоречка ауылында дүниеге келген.
2009-2013 жж. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында Музыкалық драма артисі мамандығын тәмамдады.
2013-2015 жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында драма артисі мамандығы бойынша магистратурада білім алды.
2016 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:

А.Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А. Маемиров) – Шумилова,
І. Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А. Кәкішева) – Аққозы,
У. Шекспир «Лир патша» (реж. Е. Нұрсұлтан, сахналық нұсқа: М. Омарова) – Регана,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Асия,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Зуһра,
Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек» музыкалы драмасында (реж. Е. Нұрсұлтан) – Қарлығаш, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Ана жүрегі» (реж. Е. Рүстембеков), «Ғашық жүрек» (реж. А. Ұзабаев), «Туған елдің түтіні» (реж. Е. Рүстембеков), «Бапкер» (реж. М. Бидосов), «Күн сақшылары» (реж. С. Сұлтанов), «Ұстаз» (реж. Е. Рүстембеков), «Кеңесшілер» (реж. Қ. Мұстафин), «16 қыз» (реж. Қ. Мұстафин), «Таңдау» (реж. А. Сахаманов), «Шырғалаң» (реж. Е. Нұрмұхаметов) фильмдеріне түскен.