Жанат Алтайұлы Тыныбаев
1984 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында дүниеге келген.
2001-2007 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «кино және музыкалық театр актері» мамандығын тәмамдады.
2013 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Жаңабай,
М. Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек» (реж. О. Кенебаев) – Сергей,
С. Асылбекұлы «Империядағы» кеш» (реж. А. Кәкішева) – Берікбол,
М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О. Кенебаев) – Андрей Василевич,
Ә. Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – Халитов,
Д. Исабеков «Жүз жылдық махаббат» (реж. А. Кәкішева) – Валерий Брюсов,
Ғ. Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» (реж. Қ. Адылов) – Жылгелді,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Полицей,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Бригадир,
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Қаршыға,
А. Сүлейменов «Адасқақ» (реж. Ә. Рахимов) – Батыраш,
Шахимарденнің «Томирис» трагедиясында (реж. Т. әл-Тарази) – Балхаш , т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Ұлжан», «Ограбление по казахский», «Обратная сторана – 2», «Раненый ангел» фильмдері, «Ғашық жүрек», «Санжар мен Қайсар», «Күн сақшы», «Өмір өткелдері», «Мозгатрясы», «Қарашаңырақ», «Парыз», «Жарық», «Пазлы счастье», «Қыз жолы», «Іңкәр жүрек» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.