Жанель Тимурбекқызы Мақажан
1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2005-2009 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «драма театры және кино актері» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2015 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
А. Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А. Маемиров) – Ирина,
І. Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А. Кәкішева) – Аққозы,
У. Шекспир «Лир патша» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Регана,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Жанар,
Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Жібек.
М. Омарова «Ақтастағы Ахико» (реж. А. Маемиров) – Неміс қызы Катя,
А. Чеховтың «Сүйікті менің ағатайым» драмасында (реж. А. Маемиров) – Елена Андреевна, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Қаладан келген қыз», «Қош бол, Гүлсары», «А-ға оралу», «Өтен», «Жұлдыздар осылай жарқырады», «Тоқал», «Хандыққа бастар жол», «Балалар үйіндегі жаңа жыл» фильмдері мен «Тағдыр», «Болашақ», «Ауылдан қашу», «Сырғалым», «Сырғалым-2», «Шырмауық» телехикаяларында негізгі рөлдерді сомдады.