Оразбаев Сәбит Қоңырбайұлы

Оразбаев Сәбит Қоңырбайұлы

Театр артисі

Өмірбаян

Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген артисі (1969), Қазақ ССР-нің халық артисі (1976), ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1994), Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген артисі (1994), «Еңбек Қызыл ту», «Парасат» (2000), «Отан» (2008), «І - дәрежелі Достық» ордендерінің иегері (2016), "Сахналық ғұмыр" номинациясы бойынша Қазақстан Театрлар Ассоциациясының "Сахнагер 2018" Ұлттық театр сыйлығының иегері (2018), "Астана 20 жыл" мерекелік медалінің иегері (2018).

1936 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында дүниеге келді. 

1955-1959 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық консерваториясының театр факультетінде Актер мамандығы бойынша оқыды. 

1960 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды. 


Театрдағы рөлдері: 

Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (реж. Ә. Мәмбетов) – Жантық, 

Ә. Тәжібаев «Майра» (реж. Б. Омаров) – Дүрбіт, 

З. Шашкин «Жаяу Мұса» (реж. Е. Обаев ) – Жаяу Мұса, 

А. Островский «Жазықсыз айыптылар» (реж. А. Пашков) – Муров, 

Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесуі» (реж. Ә.Мәмбетов) – Исабек, 

О. Бодықов «Дала тұтқыны» (реж. Р. Сейтметов) – Достоевский, 

Т. Ахтанов «Ант» (реж. Ә. Мәмбетов ) – Әбілхайыр хан, 

Н. Гоголь «Ревизор» (реж. Е. Обаев) – Дуанбасы, 

Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» (реж. Ә. Мәмбетов) – Сүйеу, 

Ә. Тарази «Жолы болғыш жігіті» (реж. Р. Сейтметов ) – Асан, 

Д. Исабеков «Тыныштық күзетшісі» (реж. С. Асылханов) – Демесін, 

А. Чехов «Сүйікті менің ағатайым» (реж. Ә. Мәмбетов) – Серебряков 

А. Сүлейменов «Төрт тақта – жайнамаз» (реж. Ә. Рахимов) – Әбдінәсім шал, 

Д. Исабеков «Ескі үйдегі екі кездесу» (реж. Ә. Рахимов) – Айтөре, 

Б. Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Әли, 

М. Ғапаров «Тұзды шөл» (реж. Т. әл-Тарази) – Президент, 

К. Ашир «Қабыл – Адам ата перзенті» (реж. К. Ашир) – Ібіліс, 

М. Байсеркенов «Абылайханның ақырғы күндері» (реж. М. Байсеркенов) – Бұқар жырау, 

Ф. Буляков «Отыз ұлың болғанша» (реж. Ә. Рахимов) – Абдулла 

Б. Жакиев «Жүрейік жүрек ауыртпай…» (реж. Е. Обаев) – Қария 

М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Мағауия, 

Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-анасында» (реж. Ә. Мәмбетов) – Майсалбек 


Кинодағы рөлдері: 

«Біржан сал», «Көшпенділер», «Жамбыл», «Абай» және т.б фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.

Рольдер

ЖҮРЕЙІК ЖҮРЕК АУЫРТПАЙ
Роль: Қария
Режиссер: Е. Обаев
Автор: Б. Жәкиев, аударған: Ә. Сығай

Галерея

Оразбаев Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев Сәбит Қоңырбайұлы