Әлия Бөпежанова: Мақталып жүрген шығармаларға кәсіби талдаулар қажет

– Жылдың жаңалығынан гөрі жалпы руханиятымыздағы жақсы үдерістер мен тенденциялар туралы айтсам деймін. Республика Парламентінде Мәдениет туралы заңның үлкен кемшіліктері талқыланды. Ұлттық өнеріміздің мәртебесін Заңмен айқындау, өнер түрлерін қаржыландыруда келеңсіздіктерге жол бермеу, сондай-ақ қаламгерлер қауымының шығармашылық құқын қорғау жолындағы, т.б. мәселелер қолға алынды. Бұған, бір есептен, жаңа Парламент құрамына азаматтық қоғамнан сайланған депутаттардың енуі себеп және жалпы алғанда қоғамға әділдік, әділеттілік үшін күрестің нәтижесіз қалмайтынына сенім тудырады.

https://madeniportal.kz/article/8424